$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Экономика

Доллар бағамы 2024 жылдың көктемінен бергі ең төменгі деңгейге түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) кешкі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы бір тәулікте 3,6 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Доллар 441,86 теңгеге саудаланды

Кешкі сауда сессиясының қорытындысында АҚШ валютасының орташа бағамы 441,86 теңгені құрады. Осылайша, теңге долларға шаққанда айтарлықтай нығайды.

Бір тәуліктің ішінде америкалық валюта 3,6 теңгеге арзандаған.

Теңге екі жылдағы ең жоғары деңгейіне жетті

Доллар бағамы мұндай төмен деңгейге соңғы рет 2024 жылдың көктемінде түскен еді. Демек, ұлттық валюта шамамен екі жарым жылдағы ең мықты көрсеткішін тіркеп отыр.

Айырбастау пункттеріндегі доллардың сатып алу және сату бағамы биржадағы көрсеткіштен өзгеше болуы мүмкін.

Back to top button