Дипломдық жұмыста жасанды интеллектіні қолдануға бола ма – Вице-министр жауабы
Жасанды интеллектіні қолданған тұста оны қолданғаны туралы көрсетілуі керек.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова дипломдық жұмыс жазу барысында қандай жағдайда жасанды интеллектіні қолдануға болатынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Вице-министрдің айтуынша, дипломдық жұмыс жазу барысында қандай жағдайда жасанды интеллектіні қолдануға болатыны туралы министрлік бекіткен ережелер бар.
«Сонымен қатар, жоғары оқу орны ішінде де бекітілген өз ережелері бар. Мысалы, ізденіс кезінде, талдау жасаған кезде жасанды интеллектіні қолданады, бірақ дипломдық жұмыстың қорытынды бөлігінде жасанды интеллектіні қолдануға болмайды», – дейді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова.
Оның айтуынша, жасанды интеллектіні қолданған тұста оны қолданғаны туралы жазылуы, көрсетілуі керек, ал жазылмаса, көрсетілмесе – дипломдық жұмыс қабылданбайды.