TOP-2БілімЖаңалықтар

Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ноутбук сыйлады

Астанада 16 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты.

Астанада №83 мектеп-лицейінің үздік бітірген түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цойға белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ноутбук сыйлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, мектеп түлектеріне арналған мерекелік іс-шара барысында ерекше оқиғалардың бірі №83 мектеп-лицейінің 11-сынып түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цойға қатысты болды. Максим бұған дейін 25 мамыр күні өткен соңғы қоңырау салтанатында ұстазымен бірге би билеп, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар жас түлектің өмірге деген құштарлығы, белсенділігі мен ұстазына деген құрметі әлеуметтік желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болды.

«Максим Цой үздік оқу үлгерімі үшін қызыл аттестат алып, мектепті үздік тәмамдады. Сонымен қатар ол тағы бір қуанышты жаңалыққа кенелді. Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жас түлекке арнайы сыйлық жолдап, қымбат ноутбук тарту етті. Өнер иесінің бұл сыйы Максимнің білім жолындағы еңбегі мен табандылығына көрсетілген құрмет ретінде бағаланып отыр», – деп жазылған хабарламада.

Ал тосынсый жас түлектің аттестат алған күніндегі қуанышын еселей түсті.

Back to top button