Жаңалықтар

Депутат Тұмашинов көмекшісінің әрекеті үшін кәсіпкерден кешірім сұрады

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер Мейрамбек Палызбековтен кешірім сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Сіздің Парламент Мәжілісіне жазған өтінішіңізді қарап, төмендегіні хабарлаймын: 21 маусым күні менің қоғамдық көмекшім Алексейчук Алексей Юрьевичпен араңызда болған келеңсіз мәселеге байланысты Сізден кешірім сұраймыз. Ол қоғамдық көмекші ретінде тіркелген, куәлік бар, бірақ қазіргі таңда осы мәселеге байланысты қызметтік куәлік қайтарылып алынды. Ол енді қоғамдық көмекші емес. Сіздің қоғамдық жерде тәртіп орнату мәселесіне немқұрайлы қарамайтындығыңыз, азаматтық ұстанымыңыз үшін үлкен рахмет”, – делінген депутаттың кәсіпкерге жолдаған хатында.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Мейрамбек Пазылбеков өз шаруашылығына қарасты көлшікке белгісіз адамдар келіп демалып, сол үшін ескерту жасаған кезінде ер адамның оғаш әрекетке барғанын хабарлаған еді. Сөзінше, әлгі жігіт қалтасынан қызметтік куәлігін алып шығып, депутаттың көмекшісі екенін айтып, кәсіпкерді тексерумен қорқытқан.

Back to top button