TOP-2Жаңалықтар

Депутат Базарбек Алатау қаласына әкім болғысы келе ме

Tizgin.kz порталы депутат Бақытжан Базарбектен Алатау қаласының әкімі болғысы келе ме деп сұрады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында бүгін жаңадан құрылатын Алатау қаласының мәртебесі талқыланады. Жиын басталмай тұрып, депутат журналистердің сұрағына жауап берген. Әкім болғысы келе ме деген сұраққа Базарбек депутаттық мандаты аяқталмағанын атап өтті.

“Әлі саяси науқанға қатысып, өз-өзімізді көрсетеміз”, – деді ол

“Сонда Құрылтайға барғыңыз келе ме?” деген сұраққа Базарбек “мәселе барғым келеді дегенде емес. Халық мені қай жақта көріп отыр?” дейді ол.

Сонымен қатар, Бақытжан Базарбек Amanat партиясымен тікелей жұмыс істеп жатқанын, алайда қай партияға өтетінін жазда шешетінін атап өтеді.

Back to top button