$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Демалыс күндері Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болады

Жаңбыр, найзағай және жел: демалыста Қазақстанда ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде күн айтарлықтай салқындаса, батыста ауа райы біртіндеп жақсарып, күн жылына бастайды, деп хабарлайды Tizgin.kz «Қазгидромет» мәліметіне сілтеме жасап.

Солтүстік пен орталықта күн салқындайды

Ел аумағының басым бөлігіндегі ауа райына циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде жылы әрі құрғақ күндердің орнын салқын ауа райы басады. Жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Желдің екпіні де артады.

Күндізгі ауа температурасы солтүстікте +13…+20 °С-қа, орталық өңірлерде +15…+25 °С-қа дейін төмендейді.

Батыста жаңбыр тоқтап, күн жылынады

Ал Қазақстанның батысында ауа райы біртіндеп тұрақтанады. Жаңбыр тоқтап, ауа температурасы көтеріле бастайды.

Батыс өңірлерде күндізгі температура біртіндеп +20…+30 °С-қа дейін жоғарылайды. Елдің оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады.

Back to top button