$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

«Давайте, мен теңізге кеттім»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың соңғы сөзі

Әлеуметтік желіде Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың бірі Дастан Нұрболұлы туралы естелік тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Естелікте Дастанның отбасындағы үшінші бала болғаны, екі ағасы, бір қарындасы және бір інісі бары айтылады.

«Үйдің үшінші баласы. Екі ағасы, бір қарындасы, бір інісі бар. Өз үйінің ғана емес, әулеттің ерке, пысық баласы едің…» – делінген жазбада.

 Желіде сарбаздың отбасымен хат алмасқан скриншоттары жарияланған.

Хат соңында ол:

«Давайте, енді мен теңізге кеттім», – деп жазған сарбаз.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button