Дәурен Бабамұратов «Ауыл» партиясының орталық аппаратын басқарады

Дәурен Бабамұратов «Ауыл» партиясы орталық аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Бүгін, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов партия активіне орталық аппараттың жаңа басшысын — Дәурен Бабамұратовты таныстырған. Ол мемлекеттік қызметте және қоғамдық-саяси салаларда мол басқарушылық тәжірибеге ие. «Саясаттану» және «экономика» мамандықтары бойынша магистр академиялық дәрежелері бар. “Құрмет” (2025 ж.) орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2017 ж.) марапатталған.
Кадрлық шешім Құрылтайдағы партия фракциясының жұмыс кеңесі аясында өткен. Күн тәртібіндегі басты мәселе өңірлік филиалдардың төрағаларымен жоспарланған және саяси бірлестіктің өңірлердегі ұстанымын нығайтуға бағытталған ауқымды кеңес болған.