Алаңға бір ай шықпаған Сәтбаев жаттығуын қайта бастады
Футболдан ұлттық құраманың 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев жарақатынан жазылып, ағылшындық «Бернли» клубының жаттығуларына қосылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бас бапкер не дейді
Команданың бас бапкері Ники Хейен бұл ақпаратты растады.
«Дастан Сәтбаев жаттығуын бастады және осы демалыста өтетін матчқа қатысуға үміткерлер қатарында», – делінген клуб мәліметінде.
«Бернли» қашан ойнайды
Аталған клуб ендігі ойынын 10 қазан күні, яғни ертең Англия Чемпионшипінің тоғызыншы турында «Уотфордқа» қарсы өткізеді. Матч «Уотфордтың» алаңындағы «Викаридж Роуд» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат кешкі сағат 19:00-де басталады.
Клубтың турнир кестесіндегі жағдайы
Қазір «Бернли» турнир кестесінде 24-орында тұр. Яғни, соңғы орын. Команда сегіз кездесуде бар-жоғы төрт ұпай жинаған. Ал «Уотфорд» сегіз ұпаймен 20-орында тұр.
Егер Сәтбаев алдағы матчқа қатысса, бұл оның жарақаттан кейінгі алғашқы ресми кездесуі болады. Дегенмен бапкерлер штабы оның алаңға шығатынын әлі нақтылаған жоқ.
Еске сала кетсек, қазақстандық шабуылшы биыл 14 тамызда лондондық «Челсиден» «Бернлиге» бір маусымға жалға берілген болатын.