TOP-2Қоғам

Дарын Мубаров жазаланды: ол екінші рет дін туралы заңнаманы бұзған

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін «уағызшы» Дарын Мубаровты жауапқа тартты, деп хабарлайлы Tizgin.kz.

Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылғы қазанда олосындай әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Осылайша, азамат бір жыл ішінде заңталаптарын қайта елемеген.

Осы факт бойынша ДІБ қызметкерлері әкімшілік кодекстің 490-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама (осы баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілікжаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау) толтырған.

Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі дептанылды.

Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндеайыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, бұл бүгінгі күні 865 000 теңгені құрайды.

Басқарма ел заңнамасын қатаң сақтаудың маңыздылығын және діни мазмұндағы материалдарды таратудың белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеу керектігін еске салады.

Back to top button