ЖаңалықтарСпорт
«Челси» Дастан Сәтпаевтің жаттығу кезіндегі фотоларын жариялады
Жаттығуға Лиам Делап, Ромео Лавия, Коул Палмер және Эстевао Виллиан да қатысты.
Челси» футбол клубының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, ойыншылар Кобхэмдегі жаттығу базасында жаттығу өткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Команда 24 тамызда «Фулхэмге» қарсы матчпен басталатын жаңа Премьер-лига маусымына дайындықты жалғастырып жатыр.
Жарияланған фотоларда 17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың жүгіру жаттығуларын орындап, команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның жетекшілігімен негізгі топпен бірге дайындалып жүргені көрінеді.
Еске салсақ, Дастан Сәтпаевтың «Қайраттан» «Челсиге» 4 миллион еуроға ауысуы Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер болды. Футболшы 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде лондондық клубтың қатарына қосылады.