TOP-2Спорт

«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты нақты шешімді қабылдады

Лондонның «Челси» клубы маусым алдындағы дайындық аясындағы турнеге қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Қорытынды құрамға Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев та енді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Челси» алдағы турне барысында Австралия мен Азияда бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Лондондықтар «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» клубтарына қарсы ойнайды.

Дастан Сәтпаев туралы

Дастан Сәтпаев – қазақстандық футболдағы ең талантты жас ойыншылардың бірі. Ол алматылық «Қайрат» футбол клубының түлегі. Жас шабуылшы кәсіби деңгейде жарқырап көзге түсіп, Қазақстан чемпионатындағы ойынымен Еуропаның жетекші клубтарының назарын аударды. 2025 жылы «Челси» Сәтпаевпен келісімге келіп, оны «Қайраттан» өз құрамына қосты. Алайда халықаралық трансфер ережелеріне сәйкес, ол кәмелет жасына толғанға дейін Алматы клубында өнер көрсетуді жалғастырды. Осы уақыт ішінде шабуылшы негізгі құрамда тәжірибе жинап, Қазақстан ұлттық құрамасына дейін шақырылды.

Енді Сәтпаевтың «Челсидің» маусым алдындағы турне құрамына енуі оның лондондық клубтың негізгі командасына біртіндеп бейімделе бастағанын көрсетеді. Бұл – қазақстандық футболшы үшін де, отандық футбол үшін де маңызды кезең.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)

Back to top button