Былтыр 1,7 трлн теңгенің мемлекеттік сатып алуы өтпей қалған
Өткен жылы елімізде мемлекеттік сатып алуға 9,8 трлн теңге жоспарланғанымен, 1,7 трлн теңгенің сатып алу рәсімдері аяқталмаған немесе келісімшарт жасалмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ҚАРЖЫ НЕГЕ ИГЕРІЛМЕДІ
Бекітілген жоспар көлемі 9,84 трлн теңге болғанымен, нақты жасалған келісімшарттар сомасы 8,14 трлн теңге мөлшерінде қалған. Бұл айырманың (1,7 трлн теңгенің) 882,4 млрд теңгесі «шартты үнем» ретінде көрсетілген. Қалған соманың нақты қандай себеппен игерілмегені түсіндірілмеген.
ЖЕҢІМПАЗДАР ІШІНДЕ ШЕТЕЛДІКТЕР ДЕ БАР
Ал 8,14 трлн теңгеге жасалған сатып алудың негізгі бөлігі конкурс тәсілі арқылы өткен – 4,93 трлн теңге. Аукцион арқылы небәрі 31,7 млрд теңгенің сатып алуы жүргізілген. Бұл жалпы көлемнің 1%-ына да жетпейді.
Осы конкурстар мен аукциондар арқылы жеткізуші болып танылған 2,3 миллионнан астам жеңімпаздың 108-і шетелдік компания.