ЕрекшеЖаңалықтар

Бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ісі: аппеляция шешімі қандай

Астана қалалық соты Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен Success K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзоваға қатысты үкімді өзгерту туралы өтінішті қарады, деп хабарлайды Tizgin.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚАНША ШЫҒЫН КЕЛДІ

Апелляциялық алқа бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Мамыр айында Қожағапанов үш жылға, ал компания басшысы бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, Қожағапанов вице-министр лауазымында жүрген кезінде 2018 жылы өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға арналған шығын сметаларын негізсіз арттырып бекіткен. Бұл мердігер компанияға заңсыз пайда табуға жол ашқан.

Нәтижесінде мемлекетке 1 миллиард теңге шығын келді. Бұрынғы вице-министрге ауыр зардаптарға әкелген қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылған.

Back to top button