ЖаңалықтарҚоғам
Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы ауылда қар жауды
Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланған болатын.
Марқакөл ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде қар жауған сәттің видеоларымен бөлісуде, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бүгін ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауады деп болжанған.
Болжам расталды — 19 мамыр күні Марқакөл ауданының кейбір ауылдарында қар жауды.
Markakol2023 деп аталатын Instagram парақшаға бүгінгі күннен қар жауып тұрған көрініс салған Карина Сидоренко есімді ауыл тұрғыны «2026 жыл, 19 мамыр» деп жазды.