«Бұған қуанып тұрмын»: Еркебұлан Тоқтар айыппұл арқалады

Ақтөбелік тәртіп сақшылары актер Еркебұлан Тоқтарға көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
АКТЕР РЕНЖІМЕДІ
Бірақ ол полицияның бұл әрекетіне риза болған көрінеді. Реніш білдірмеді.
«О, осы керек! Өкіметке де беріп тұрайық!» – деп күлді ол.
Қасындағы серігі полиция қызметкерлері Еркебұлан Тоқтардың қонақ екенін айтып, ескертумен шектелуге шақырғандай болған еді, актер дереу тойтарып тастады.
«ЗАҢ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ДЕГЕН СӨЗ»
Оның сөзінше, бұл аяқтан шалу емес. Мұны заң дейді.
«Қайта бұған қуанып тұрмын. Көрді де, бірден келді. Жазып кетіп жатыр (хаттаманы – ред). Бұл – заң жұмыс істейді деген сөз. Кім болсаң да, заң жұмыс істейді. Біреу келіп, шектен шығып кетпейді. Мен соған сенімдімін. Себебі полиция жұмыс істеп жатыр. Мен ойланбай қалыппын», – деді актер.
Еркебұлан Тоқтар өзіне айыппұл салған полиция қызметкерлерімен бірге фотоға түсіп, қол беріп, қош айтысты.