Тергеу

БҚО-да баланы зорлау ісі бойынша жәбірленуші арызынан бас тартты

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында кәмелетке толмағанды зорлау ісі бойынша жәбірленуші талап-арызынан бас тартты, деп хабарлады kaztag.kz «Мой Город»-қа сілтеме жасап.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Анықталғандай, оқиға Шыңғырлау ауданында болды.

Бастапқы ақпарат бойынша, зардап шеккен қыздың әкесі полицияға жүгінген. Оның айтуынша, 2 қаңтар күні ер адам алдау арқылы оның кәмелетке толмаған қызын үйіне кіргізіп, оған қатысты зорлық жасаған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады және аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы «Кәмелетке толмағанды зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кейін құқық қорғау органдары тергеу барысында хат-хабар алмасу мен іс бойынша өзге де материалдар зерделенгенін мәлімдеді. Тергеу деректеріне сәйкес, кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану фактілері анықталмаған. 16 жастағы қыз бен оның анасы күдіктіге қатысты талап-арыздары жоқ екенін айтып, қарым-қатынас өзара келісіммен болғанын атап өткен. Айта кетейік, олар Ақсай қаласының тұрғындары, – делінген хабарламада.

МӘН-ЖАЙЫ

Мәліметтерге сәйкес, күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігі бөлімдерінің бірінде қызметкер болған. Арыздан кейін ол жұмыстан босатылған.

Тергеу жалғасуда. Аудандық полиция бөлімшесінде процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде, тергеу барысының егжей-тегжейі жарияланбайды. Істің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Back to top button