ЖаңалықтарҚоғам

Борат жарнамасынан кейін сынға қалған SHOQAN иесі қанша салық төлеген

Қазақстандық Shoqan ерлер киімі бренді желіде шыққан бір жарнамадан кейін қызу талқыланды. Бірнеше ай бұрын жарияланған роликте модель Борат бейнесіне еніп, бейнежазбаның қайта таралуы желі қолданушылары наразылығын туғызған, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Қателігін мойындады

Аталған роликтің биыл ақпан айында жарияланғаны анықталды. Shoqan негізін қалаушы Ұлықбек Шарипов видеоны Instagram-нан көргенде өшіруді тапсырғанын, бірақ ол TikTok-та қалып қойып, бірнеше ай өткен соң желілерде қайта тараған.

Жан-жақтан сын көп айтыла бастағанда видео өшіріліп, Шарипов ресми түсініктеме берді. Компания Борат бейнесін хайп үшін пайдалануды, болмаса елге, қазақ халқына, мәдениеті мен тіліне құрметсіздік көрсетуді мақсат етпегенін мәлімдеді. Шарипов роликтің қате болғанын мойындап, сынға жауап беруге дайын екенін, бірақ сын мен жаппай қудалаудың айырмашылығы бар екенін айтты.

Желі қолданушылары жауапқа сенді ме

Дегенмен желі қолданушыларының кейбірі бұл түсініктемеге сен жоқ. Олар жарнамалық ролик идея әзірлеу, түсірілім, монтаж және жариялау сияқты бірнеше кезеңнен өтетіндігін алға тартты. Сол себепті Борат бейнесінің қолданылуын кездейсоқ қателік деп қабылдау қиын десті.

Қанша салық төлеген

ADATA және ашық дереккөздерде ЖК Sharipov-тың соңғы төрт жылда бюджетке жалпы 131,1 млн теңге салық төлегені көрсетіледі.

Жылдар бойынша берілген мәліметке сенсек, 2022 жылы кәсіпкер 55,5 мың теңге, 2023 жылы 17,5 млн теңге салық төлеген. 2024 жылы төлем көлемі 25,7 млн теңгеге жетсе, 2026 жылы бюджетке 20,6 млн теңге аударылған.

Көрсетілген кезеңдегі ең жоғары төлем 2024 жылға тиесілі. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,2 млн теңгеге немесе 46,8%-ға көп. Ал 2026 жылғы салық төлемі 2024 жылмен салыстырғанда 5,1 млн теңгеге азайған.

Алайда ашық деректердегі сандар өзара сәйкес келмейді. Жылдар бойынша көрсетілген төрт төлемді қосқанда 63,8 млн теңге шығады. Бұл жалпы көрсетілген 131,1 млн теңгеден 67,3 млн теңгеге аз.

Back to top button