Жаңалықтар

Блогердің өлімі: пластикалық ота жасаған клиника мәлімдеме жасады

Алматыдағы Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасы блогер Сауле Базарханның өлімінен кейін ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Tizgin.kz.

«Қазір аталған оқиға бойынша заңнамада көзделген тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, пациенттің отбасына деген құрметке, сондай-ақ жүргізіліп жатқан шаралардың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында клиника ресми рәсімдер толық аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық деректеріне қатысты жария түрде пікір білдіруді орынсыз деп санайды», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ клиника қазіргі уақытта пациенттерді қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Сауле Базархан – қазақстандық блогер әрі кәсіпкер. Әлеуметтік желілерде ол Сауле Ермаханова есімімен де танылған, аудиториясы бір миллионнан аса жазылушыны құраған. Базархан өз парақшаларында отбасы, бизнес, саяхат және жеке өмірі туралы контент жариялап жүрген.

Блогер көз жұмғаннан кейін оның қызы клиниканы айыптап, елден көмек сұраған еді.

Back to top button