Бизнес салықтың 7 түрі салынады: министрлік оларды қысқарта ма
Салық санын, есептілікті қысқарту бойынша жаңа кодекс шеңберінде жұмыс жасалды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында Tizgin.kz тілшісі қойған «Ортақ салық жүйесімен жұмыс істейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестер тоқсан сайын 7 салық түрін төлейді. Осы салықтың санын және мөлшерін азайту жоспарда бар ма?» деген сұраққа жауап берді.
Қаржы вице-министрі салық санын, есептілікті қысқарту бойынша жаңа кодекс шеңберінде жұмыс жасалғаны туралы айтты.
«Қазіргі таңда бизнес өкілдеріне қатысты жалақы, салық мөлшерін қайта қарау туралы көп сұрақ туындап жатыр. Ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біздің мақсат – бизнес өкілінен бір төлем алып, оны 7 түрлі әлеуметтік қорларға бөліп төлеу. Қазір төлемдерді цифрлық форматқа ауыстырып, бір төлем алып, оны бірнеше әлеуметтік қорларға бөліп төлеу бойынша мәселе қарастырылып жатыр, яғни бір салық кодын қарастыру көзделген», – дейді Ержан Біртанов.