$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

«Біз үшін өліп пе»: қаралы күнде қаза тапқан сарбаздар рухына құрмет танытпаған жігіт қамалды

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфирді анықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіп бұзылған

Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап берген. Көрермендердің бірі қаралы күн туралы айтқанда, ол: «Қаралы күн? Біз үшін өлді ме?» деп жауап беріп, артынша балағат сөз айтқан.

Полицияның мәліметінше, ол қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Тікелей эфирге 22 жастағы Абзал Мусурманқұл және Бақдәулет Мустафа да қатысқан.

Сот шешімі шықты

Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту берілді.

Олардың үшеуі де бір ай мерзімге ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.

 

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button