Жаңалықтар

Біз Иран халқына құрметпен қараймыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның Иран еліне қатысты ұсатынмын атады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президенттің айтуынша, кез келген кикілжің бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуі қажет.

«Қазақстан әлемге бейбіт ел ретінде белгілі. Кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтаймыз. Бұл –айнымас ұстанымымыз. Таяу Шығыста орын алған жағдайдың түрлі себебі бар. Мен мұны жақында өткен алқалы жиында да айтқанмын. Расында, Шығанақтағы араб елдерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлестім, тілектес екенімді жеткіздім. Ал Иран Президенті Пезешкианның жақында елімізге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде жақсы әсер қалдырды. Ол – зайырлы көзқарастағы адам, өзі кардиохирург. Мен оның Иран Шығанақ елдеріне шабуыл жасамайды деген мәлімдемесін құптадым» – деді Президент.

Сондай-ақ, ол Иран халқы туралы жылы лебіз білдірді.

«Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз», – деді ол.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасаған соң қос тарап бір-біріне зымырандармен соққы жасап жатыр. Иран өзінің соққыларын АҚШ әскери базалары орналасқан араб елдері мен Израильге бағыттаған. Ал АҚШ пен Израиль соққыларынан Иранның лауазымды басшылары, оның ішінде аятолла Әли Хаменеиді қаза тапқан болатын.

 

Back to top button