ЖаңалықтарҚоғам

Биыл Алматыда мыңға жуық ерлі-зайыпты неке бұзу туралы өтініш берген

Алматыда 2026 жылдың басынан бері шамамен 4600 неке тіркелген.

Орташа есеппен мегаполисте күн сайын шамамен 70 неке қию рәсімі өтеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, некеге тұрушылардың орташа жасы: қалыңдықтарда – 29 жас, күйеулерде – 32 жас.

Осы кезеңде 409 жұп шетел азаматтарымен некеге тұрған, сондай-ақ жыл басынан бері шамамен 934 жұп некені бұзу туралы өтініш берген. Ажырасуға өтініш бергендердің орташа жасы ерлер арасында – 39 жас, әйелдер арасында – 37 жас.

Ең жасы үлкен күйеу жігіт – 92 жастағы ер адам. Ал заң талаптарына сай некеге тұрған ең жас жұп – 16 жастағы жасөспірімдер.

Back to top button