БілімЖаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжаттарды қай уақытқа дейін тапсыру қажет

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға биыл елде бірінші сыныпқа құжаттарды қалай тапсыру керектігін еске салды, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Қалай тапсыруға болады

Өтінішті eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн, сонымен қатар тікелей таңдалған мектепте беруге болады.

Қажет құжаттар:

  • белгіленген нысандағы медициналық анықтамалар;
  • ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
  • баланың 3×4 өлшеміндегі фотосуреті.

Құжаттарды 2026 жылдың 27 мамыры мен 31 тамызы аралығында қабылданады.

Кімдер бірінші сыныпқа бара алады

Бірінші сыныпқа алты жасқа толған немесе 1 қыркүйекке дейін алты жасқа толатын балалар қабылданады. Әдетте, жалпы білім беретін мектепке құжат тапсырарда қабылдау емтихандары талап етілмейді.

Оқуға қабылдау кезінде нақты мектепке бекітілген аумақта тұратын балаларға басымдық беріледі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды деп күтіледі. Әзірге 320 мыңға жуық бала қабылданды.

Министрлік еске салады

296 мыңға жуық бала мемлекеттік мектептерде, 23 мыңға тарта ұл-қыз жекеменшік мектептерде білім алмақ.

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 71 пайыздан астамы қазақ тілінде оқытатын, 26 пайыздан астамы орыс тіліндегі сыныптарды таңдаған.

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға 31 тамызға дейін құжат тапсырып үлгеруге кеңес береді.

Back to top button