Білім, денсаулық пен құндылық: ұлттық теледебатта «Әділет» партиясының кандидаты үш «ақиқатты» ашық айтты

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен саяси партиялар арасындағы ұлттық теледебат кезінде «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров партияның «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі құндылықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Айта кетейік, теледебаттың ережесіне сай әр партия өкіліне сөз сөйлейтін ретттік нөмірі берілді. «Әділет» партиясының Құрылтайға кандидаты Ренат Бектұровқа үшінші реттік сан бұйырып, ол екі минут ішінде бағдарлама туралы ақпарат берді.
«Мен өз сөзімде үш негізгі ақиқат туралы айтып берейін. Бірінші ақиқат – білім. Тек қана білімді қоғам қуатты мемлекет құра алады. Сондықтан, біздің басты ұстанымымыз адамға білім беру. Екінші ақиқат – денсаулық. Денсаулық саласын алып қарайтын болсақ, әр мемлекеттің, әсіресе біздің мемлекеттің басты мақсатының бірі – азаматтарының денсуалығы мен өмірін қорғау. Осы салада біздің партиямыздың алдына қойған мақсаты алдағы бес жылда орта өмір ұзақтығын 77 жасқа жеткізуді мақсат етеміз. Ал, үшінші ақиқат – бұл құндылықтар. Еңбекқорлық, жауапкершілік, әділдік пен отаншылдық үстемдік құрған қоғам ғана ұзақ даму жолына тұрады деп сенеміз», – деді Бектұров өз сөзінде.
Жалпы, осы әр «ақиқаттың» негізінде не жатқанын айта келе, тек білімді, дені сау және еңбекқорлық, әділдік пен жауапкершілік сияқты құндылықтарға сүйенген қоғам ғана тұрақты даму жолына түседі дейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы ұлттық теледебат өтті. Сайлау науқандағы алғашқы пікірсайыстың тақырыбы – «Қазақстанның болашағы – адам капиталы». 7 саяси партияның өкілдері бір алаңда бас қосып, сайлауалды бағдарламалары мен ел дамуына қатысты ұстанымдарын таныстырды.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.