Жаңалықтар
Берік Асылов қайтадан Бас прокурор болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақорда жариялаған құжатта:
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асылов Берік Ноғайұлы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды», – делінген.
Берік Асылов бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді. Оған дейін үш жыл бойы Бас прокурордың бірінші орынбасары болған.
Айта кетейік, Бас прокурорды Президент тағайындайды. Ол елдегі заңдылықтың сақталуын қадағалап, мемлекеттік айыптауды қолдау және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру бағытындағы жұмыстарға жетекшілік етеді.