Спорт

Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан қызметке тағайындалды

Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа саласы бойынша) қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл жөнінде Мансар Орынханның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін”, – дейді ол.

Актер алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерін салмақ. “Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру” дейді ол.

Back to top button