$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Белгілі экономист Расул Рысмамбетов қызметке тағайындалды

Белгілі экономист әрі сарапшы Расул Рысмамбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) тәуелсіз директоры қызметіне тағайындалды. Оның кандидатурасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тиісті шешім 3 тамызда қабылданғаны туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Расул Рысмамбетов қордың директорлар кеңесінің құрамына 22 маусымда сайланған. Сонымен қатар ол Аудит комитетінің, Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына енді.

Расул Рысмамбетов бұған дейін Borrelli Walsh / Kroll халықаралық компаниясында қаржылық кеңесші және серіктес болып жұмыс істеген. Ал 2024 жылғы тамыздан 2026 жылғы мамырға дейін Назарбаев университетінің Ұлттық талдау орталығын басқарған.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button