TOP-2

Басқа партиялар сияқты «Республика» партиясының да басшысы ауыса ма

«Ақ жол» мен Қазақстанның халықтық партиясының (ҚХП) төрағалары ауысты. Ал «Республика» партиясында әзірге басшылықты ауыстыру жоспарланбаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аталған партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаровқа журналистер осы сұрақты қойған еді. Бірақ ол бірден өзі үшін уайымдамауға шақырды.

«Басшыны қалдыру хақында партияластарым мені қолдайды. Оған қоса біз жаңадан құрылған жас партиямыз. Ал басқа партияларда не болып жатқанын айта алмаймын. Бір жағынан ішкі жұмыс барысын білмеймін», – деді ол.

Қожаназаров қазір буын алмасу жүріп жатқанын айтты.

«Мұның бәрі табиғи жолмен реттелу. Осы секілді өзгерістер әр нәрсеге жаңаша көзқараспен қарауға негіз болады деп санаймын. Партияның имидждік стратегиясына да оң әсер етуі тиіс. Әріптес партияластарыма сәттілік тілеймін», – деді Қожаназаров.

Back to top button