Жаңалықтар

Екі ай бойы жарна аударылмаған: Ақмолада 338 қызметкер МӘМС-тен айырылды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында жұмыс беруші 338 қызметкерлердің медициналық сақтандыруына екі ай бойы ақша аудармаған. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тексеріс кезінде прокуратура жұмыс берушінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне аударым жасамағанын анықтады. Осының салдарынан қызметкерлер сақтандырудан айырылып, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтерді ала алмаған.

Жұмыс беруші медициналық сақтандыру бойынша 4 млн теңгеден астам берешегін толық өтеді. Заң бұзған басшылар жауапқа тартылды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button