Жаңалықтар

Академик Оразақ Смағұлұлы өмірден өтті

Қазақстандағы антропология ғылымының негізін қалаушы, тарихшы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлұлы 96 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Оразақ Смағұлұлының ғылыми жолы

Оразақ Смағұлұлы 1930 жылы 1 қазанда Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Ұялысай ауылында дүниеге келген.

1958 жылы академик Қаныш Сәтбаевтың қолдауымен КСРО Ғылым академиясының Этнология және антропология институтының аспирантурасына оқуға түскен.

1965 жылы көне және қазіргі бас сүйектерін зерттеу арқылы қазақ халқының кескін-келбетінің қалыптасуын зерделеп, антропология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

Қазақ халқының шығу тегін зерттеген ғалым

Оразақ Смағұлұлы ғылыми қызметінде қазақ халқының антропологиялық қалыптасуы мен этникалық тарихын зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Оның 1970 жылы жарық көрген «Население Казахстана от эпохи бронзы до современности» атты еңбегі отандық антропология ғылымындағы іргелі зерттеулердің бірі саналады.

Ғалым бұл еңбегінде төрт мың жыл бұрын қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың қаңқа сүйектерін бүгінгі қазақтардың антропологиялық ерекшеліктерімен салыстырып, олардың арасындағы тарихи сабақтастықты зерттеген.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button