Бапи, Базарбек, Жаңбыршин, Құспан: еш партияға кірмеген экс-депутаттар жайлы Сарым не дейді
Партияға ілінбеген азаматтарға басқа мүмкіндіктер қарастырылады.
«Әділет» партиясы атынан бұрынғы 20 шақты депутат Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелді. Десе де, Мәжілісте жүріп, елге танылған бірқатар депутаттар еш партияға кірген жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Tizgin.kz тілшісі мұның себебі неде екенін, бұрынғы аманаттықтар жаңа партияға қалай іріктеліп барғанын экс-депутат Айдос Сарымнан сұрап көрді.
«Өздеріңіз білесіздер, осы кезге дейін «Әділет» партиясының құрылымы жасақталып қойған. Оның орталық кеңесі, бюросы және тағы басқасы бар, яғни үзеңгі солардың қолында болды. Іштей талқы болғаны анық: шешімі кеше немесе бүгін ғана болмағаны анық. 400-500-ден астам кандидаттар болған. Әртүрлі дәрежеде, әртүрлі мәселеде қарастырылды. Тек тәжірибе емес, болашақтағы стратегиялық, тактикалық мақсаттар бар», – дейді Айдос Сарым.
Ол бұрынғы Amanat партиясының әр азаматы үшін жаны, жүрегі ауыратынын айтты.
«Бірақ бұл менің ғана шешімім емес. Бұл тұтастай жаңарған партияның шешімі. Партияға ілінбеген азаматтарға басқа мүмкіндіктер қарастыратынымыз анық. Бұл туралы ести жатарсыздар. Олар да түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Мысалы, Ермұрат Бапи ағамыз Құрылтайға кірмейтінін, басқа жоспарлары бар екенін, бірақ саясатта қалатынын айтты. Мен оның жоспарын қазір айтпай қояйын. Мен «Әділет» партиясына өткен жағдайда қайда болатынымды парламент шешеді. Әр адамның қалыптасқан тәжірибесі бар. Екі шақырылымда да комитетте болғандықтан, бүйрегім сол жаққа қарай бұрып тұрады», – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram