$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Спорт

Азия ойындары: Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде ұтылды

Париж Олимпиадасының қола жүлдесін алған қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде сүрінді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қарсыласы – Қытай боксшысы

54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға беттеген Қызайбай қытайлық Ксуан Жаомен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта төрешілер 4:1 есебімен Қытай боксшысына басымдық берді. Екінші раунд та шиеленісті өтіп, 3:2 есебімен қарсылас пайдасына шешілді.

Төрешілер шешімі

Үш раунд қорытындысында төрешілер жеңісті Ксуан Жао-ға берді. Осылайша отандасымыз Азия ойындарындағы жарысын жүлдесіз аяқтады.

Айта кетерлік жайт, Назым Қызайбай – әлемнің үш дүркін чемпионы және Париж Олимпиадасының қола медалін алған.

Back to top button