TOP-2Жаңалықтар
“Ауыл” мен ЖСДП партиясы Құрылтайға баратын мандат иелерінің тізімін жариялады
«Ауыл» партиясы мен ЖСДП партиясы Құрылтайға баратын партияластарының тізімін бекітті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Ауыл” атынан депутаттыққа ұсынылған он кандидат
Сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясы Құрылтайдағы 10 депутаттық мандатқа ие болды. Партия Жарғысына сәйкес Саяси кеңес Бюросы мандат иеленуге мына кандидаттарды ұсынды:
- Қайрат Айтуғанов;
- Шахмардан Байманов;
- Захира Бегалиева;
- Серік Егізбаев;
- Мұрат Иргибаев;
- Ажар Каджибекова;
- Владимир Киян;
- Алмас Мұхаметов;
- Динара Райханова;
- Рабиға Тоқсеитова.
Тиісті құжаттар кандидаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
ЖСДП кімдерді ұсынды
Құрылтай құрамына ЖСДП атынан сегіз кандидат енеді. Олар:
1. Асхат Рахимжанов
2. Мақсұт Насибулов
3. Нұрайнаш Камалова
4. Лариса Ли
5. Аслан Құлмағамбетов
6. Арман Ақылбай
7. Наурыз Сайлаубай
8. Ажар Сағандықова