Жаңалықтар

Аудан әкімдерін енді мәслихат тағайындайды

Қазақстанда аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау тәртібі өзгерді. Соған сәйкес енді бұл лауазымдарға азаматтар тікелей дауыс бермейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ПРЕЗИДЕНТ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ ІСКЕ АРАЛАСАДЫ

Жаңа өзгеріске сәйкес, аудан және облыстық маңызы бар қала басшыларын енді облыс әкімдері тиісті мәслихат келісімімен тағайындайды. Сонымен қатар оларды қызметтен облыс әкімі немесе президент өз қалауына қарай босата алады.

МӘН-ЖАЙЫ

Ал ауыл әкімдерін тікелей сайлау бұрынғыдай жалғасады. Заңға енгізілген жаңалық сол, әкімдер өздері басқаратын әкімшілік аумақта тұруға міндетті.

Айта кетсек, 2023 жыл қараша айында елде алғаш рет пилоттық режимде аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өткен болатын. Кейін бұл тәжірибені кезең-кезеңімен басқа өңірлерге де енгізу жоспарланған-ды.

Back to top button