Ерекше

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы қонақүйде көз жұмды

Аталған мәліметті «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде Мұрат Досмұратовтың 29 қыркүйек күні таңертең Somerset қонақүйінде көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол сол уақытта «КМГ Инжиниринг» ЖШС-да мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі директор қызметінде жүрген.

“Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның өліміне жүрек талмасы себеп болған. Қонақүй әкімшілігі тез арада жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенде клиникалық өлім тіркелді. Тиісті шаралар жасалғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады”, – деп хабарлады жергілікті «Ақ Жайық» басылымы.

Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында көп жылдар еңбек етті. 2024 жылғы қарашада оған қызметтік өкілеттіктерін тиісінше орындамады деген айып тағылған, алайда 2025 жылғы тамызда ақталып шыққан. Биыл қыркүйекте ол «ҚМГ Инжиниринг» компаниясында жаңа лауазымға тағайындалған еді.

Back to top button