Тергеу

Атырауда бойжеткенді азаптау ісі тергеліп жатыр

Атырауда 21 жастағы жігіт 19 жастағы қызды бірнеше сағат бойы пышақпен жаралап, соққыға жығып, болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ОҚИҒА ҚАШАН БОЛДЫ

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 8 наурыз күні таңертең болған. Күдікті ретінде Атырау қаласының 21 жастағы тұрғыны – Әлішер есімді жігіт аталды. Ол шамамен таңғы 6:00-ден 11:00-ге дейін қызды пышақтап, ұрып-соғып, қорлаған. Болған жағдайдың бір бөлігін Instagram стористеріне және Telegram мессенджеріне жариялаған.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Зардап шеккен қыз денесі мен аяғындағы көптеген жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110 және 147-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button