TOP-2Оқиға

Атырауда қызметкерін соққан СОБР ротасы бастығы қызметінен қуылды

Атырауда арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) рота командирі Нұрбақыт Басаров әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Бейнежазбада былапыт сөздер айтылып, күш қолдану факілері тіркелген.

«Қызмет тексеруі барысында қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері анықталды. Нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен Басаров ішкі істер органдарынан шығарылды, ал қалған қызметкерлерге қызметіне толық сай келмейтіні турасында ескерту жарияланды», – деп келтіреді басылым Атырау облысы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы Нұржан Шаеденовтің жексенбі күні берген мәліметін.

Еске салсақ, сәуір айының басында әлеуметтік желілерде полиция басшылығының қарамағындағы қызметкерлерге былапыт сөз айтып, күш қолданған сәті түсірілген видео тараған еді. Басылым мәліметінше, видеода СОБР командирі Еркебұлан Сапанов, сондай-ақ рота командирлері Ерік Қарабаев пен Нұрбахыт Басаров бейнеленген.

Back to top button