Оқиға
Атырауда жоғалған бес жасар қыздың денесі судан табылды
Атырауда кеше жоғалып кеткен 5 жастағы қыздың денесі Тасқала–Водник аумағындағы су айдынынан табылды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін баланың жоғалғаны туралы ақпарат тарап, оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар және еріктілер жұмылдырылған. Өкінішке қарай, іздеу жұмыстарынан кейін оның денесі судан табылған.
«Тасқала ауылында қайғылы жағдай орын алды. Бес жасар қыз бала суға батып қазақ тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ерекшелігі бар бала үй маңындағы каналға түсіп кетіп, судан шыға алмаған», – делінген хабарламада.
Басылымның мәліметінше, оқиға 23 маусым күні шамамен сағат 17:00-де болған. Бұл ақпаратты полиция да растады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.