Атырауда қатарласын сабаған 13-14 жастағы жасөспірімдер полицияға жеткізілді (ВИДЕО)

Жылыой ауданында оқушылар қатарластарын соққыға жығып, онысын видеоға түсірген, деп хабарлайды Tizgin.kz “АқЖайыққа” сілтеме жасап.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан екі жасөспірімді жерге құлатып, жатқан күйде денесі мен басынан ұрып, тіпті басынан тепкенін көруге болады.
Атырау облысы полиция департаменті ақпаратынша, тәртіп бұзған жасы 13-те және 14-те.
“Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Олар ішкі істер органдары профилактикалық есебіне қойылып, жиналған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияға жолданды”, – деп мәлімдеді ведомство.
АТА-АНАЛАР ДА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Бұдан бөлек, ата-аналар балаларды тәрбиелеу, оларды оқытып, асырау міндеттерін жеткілікті дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.