ЖаңалықтарОқиға
Атырауда 63 жастағы ер адам мұғалім әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды

Жанжалдан басталған кикілжің 58-жастағы әйелдің өмірін қиды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Полицияның мәліметінше, 63-жастағы азамат өз әйелін жанжал кезінде пышақтап тастаған. Қылмыскердің үстінен қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни “адам өлтiру, басқа адамды қасақана қазаға ұшырату” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құзырлы орган тергеу барысына кедергі келтірмеу мақсатында, қандықолға қатысты басқа да деректерді әзірге жабық күйінде ұстайтынын айтты. Толығырақ, сот басталғанда белгілі болады.