$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Тергеу

Ата-анасын өлтірді деген күдікпен Теміртауда жас жігіт ұсталды

Теміртауда пәтерден ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Полиция олардың 20 жастағы ұлын адам өлтірді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Пәтерден екі адамның мәйіті табылған

7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.

Полиция мәліметінше, олардың өліміне байланысты ерлі-зайыптының 20 жастағы ұлы күдікке ілінген.

Күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр

Жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы жарияланған жоқ.

Back to top button