TOP-2Жаңалықтар

Астанадан шыққан ұшақ Дубайға жетпей кері қайтты

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына қатынайтын бірқатар рейске өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Компанияның мәліметінше, 12 шілде күні Астана қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 07:10-да ұшып шыққан KC205 Астана – Дубай рейсі ұшу әуежайына қайта оралады.

Сондай-ақ 12 шілдеде сағат 08:50-ге жоспарланған KC897 Алматы – Дубай рейсі толықтай тоқтатылды.

Air Astana жолаушыларға билеттердің толық құнын сатып алынған орын арқылы қайтарып алуға мүмкіндік берілетінін хабарлады.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер кестесіне қатысты алдағы өзгерістер жөнінде қосымша ақпарат кейінірек жарияланады. Сонымен қатар компания қалып қойған жолаушыларды жеткізу мәселесін шешу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

Осыған байланысты жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады. Өйткені межелі әуежайларға ұшу және келу уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.

Air Astana қазіргі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын және барлық өзгерістер туралы жолаушыларға жедел хабарлайтынын жеткізді.

Back to top button