TOP-2Жаңалықтар
Астанадағы LRT желісінде электр кабелі өртенді

Астанадағы LRT (жеңіл рельсті көлік) желісінде электр кабелі өртенді. Оқиға Есіл ауданында болған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Министрліктің мәліметінше, алдымен LRT мамандары электрмен жабдықтау жүйесін толық ажыратқан. Осыдан кейін ТЖМ қызметкерлері автономды ранцтық өрт сөндіргіштің көмегімен өртті жедел түрде сөндірген.
Өрттің аумағы бір погон метрді құраған. Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
LRT – Астанада жүзеге асырылып жатқан қоғамдық көліктің ең ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Жеңіл рельсті көлік желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды және онда 18 станция қарастырылған.