TOP-2Жаңалықтар

Астанада түтіндеткен “Алан” әскери көлігі: құзырлы орган жағдайды қалай түсіндірді

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі Астанадағы алаңда “істен шықты” делінген “Алан” техникасы жайлы оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, Астанада 2026 жылы 7 мамырда өткен плац-концерт аясындағы техника мен қару-жарақ көрмесі кезінде брондалған дөңгелекті машинаның ақауы туралы тақпарат таратылған.

“Бейнематериалдағы жағдай бұл техниканың өрт қауіпсіздігі жүйесінің іске қосылуынан болған. «Алан» БДМ ішінде болған балалардың бірінің авариялық өрт сөндіру жүйесін іске қосатын тетікті байқаусызда басып қалуы электр сымы мен қозғалтқыш агрегаттарын тұтанып кетуден қорғайтын капотасты өрт сөндіру жүйесін штаттық режимде іске қосып жіберген. Бұл жүйе автономды жұмыс істейді және техниканың энергиямен қамтамасыз ету жүйесі ажыратылған жағдайда да іске қосыла береді. Өрт сөндіргіш құрамның шашырауы – техника ақауының белгісі емес”, – делінген түсініктемеде.

Бұған дейін әлеуметтік желіде “Алан” әскери техникасының Астанадағы “Қазақ елі” монументі алдында “бұзылып қалды” делінген видеосы тараған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button