Білім

Астанада оқушылар мерекеге орай қатарынан төрт күн демалады

Астанада мектеп оқушылары үшін 8 мамырдағы оқу күні 11 мамырға ауыстырылды. Бұл туралы мектеп чаттарында мұғалімдер ата-аналарға жіберген хабарламадан белгілі болды, деп жазады Tizgin.kz.

«Құрметті ата аналар! Оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында оқу күндері ауыстырылғанын хабарлаймыз:

🔹 8 мамырдағы оқу күні 11 мамырға ауыстырылды

🔹 Дүйсенбі (11 мамыр) күні сабақтар жұма (8 мамыр) күнінің кестесі бойынша өтеді

🔹 Кестеге өзгерістер Күнделік.kz жүйесінде енгізіледі.

7,8,9,10 күндері демалыс болады», – делінген хабарламада.

Ел 7 және 9 мамырда қалай демалады?

Бейсенбі, 7 мамырда қазақстандықтарды мерекелік демалыс күні күтіп тұр. Ел тұрғындары Жеңіс күніне орай демалыстың ауыстырылуына байланысты тағы бір қосымша демалыс күнін дүйсенбі, 11 мамырда алады.

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс кестесі

5/2 кестесімен жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс келесідей болады:

4, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері;

7 мамыр (бейсенбі) – демалыс;

8 мамыр (жұма) – жұмыс күні;

9 мамыр (сенбі) – мерекелік демалыс күні;

10 мамыр (жексенбі) – демалыс күні;

11 мамыр (дүйсенбі) – ауыстыру есебінен берілетін қосымша демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс қалай болады?

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін кесте басқаша болады:

7 мамыр – демалыс;

8 мамыр – жұмыс күні;

9 мамыр – мерекелік демалыс күні;

10 мамыр – жексенбі, демалыс;

11 мамыр – жұмыс күні.

Back to top button