Оқиға

Астанада ойын алаңындағы әткеншек үшін жанжал төбелеске ұласты (Видео)

Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінде ойын алаңындағы әткеншек үшін екі әйел арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аталмыш оқиға кезінде әйелдер бір-біріне қол жұмсаған. Желіде төбелестің видеосы тарады.

Кадрлардан әйелдердің бірінің екіншісін ұрып жатқаны көрінеді. Кейін соққы алған әйел де қарсы тарапқа жауап беріп, оның баласына қол жұмсаған.

Оқиға барысында ол баланы құлағынан тартып, басынан ұрған. Кейін жерге құлаған баланы шашынан тартып, тепкен.

Аталған жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Тергеу барысында төбелестің ойын алаңындағы әткеншекке байланысты басталғаны анықталған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Back to top button