Жаңалықтар

Астанада насыбай атып, аялдаманы ластаған екі жас жігіт кейін оны өздері тазалады (Видео)

Астанада қоғамдық көлік аялдамасын ластаған екі жас сот шешімімен қоғамдық жұмысқа тартылды. Олар жаза аясында өздері ластаған аялдаманы тазалауға міндеттелді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құқық бұзушылық бейнекамераға түсіп қалған

Оқиға елорданың «Алматы» ауданында болған. Полиция мәліметінше, 18 және 19 жастағы екі жас қоғамдық тәртіпті бұзып, аялдама павильонын ластаған. Олардың әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полицейлер бейнежазбалар арқылы құқық бұзушылардың жеке басын анықтаған.

Жастарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 және 434-2-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Сот жастарды қоғамдық жұмысқа тартты

Істі қараған сот екі жасты қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім қабылдаған. Сот жүктеген міндеттерді орындау барысында құқық бұзушылар өздері бұрын ластаған аялдаманы санитарлық тазалаудан өткізген.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырды. Ведомство қалалық инфрақұрылымды сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін еске салды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «Алматы» ауданы әкімдігі (@almaty_audany)

Back to top button