ЖаңалықтарҚоғам

Астанада мешіттен iPhone ұрлаған күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Астанада мешіттен ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мешітте түнеп жүрген. Сол сәтте келушілердің бірі намаз оқып жатқан кезде, ол еденде тұрған сөмкеден жасырын түрде iPhone ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қылмыс жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалаған.

Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол елорда көшелерінің бірінде ұсталды.

Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға жеке мүліктің сақталуына мұқият қарауды және қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті.

Back to top button