Жаңалықтар

Астанада LRT жолаушылары үшін жаңа жол жүру тарифтері енгізіледі

1 тамыздан бастап жаңа тарифтік жүйе іске қосылады

1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жолаушылар енді бір реттік жол жүру билеттерін, бірнеше күнге немесе бірнеше айға арналған жол жүру карталарын, сондай-ақ белгілі бір сапар санына есептелген пакеттерді сатып ала алады.

Жол жүру карталарының бағасы

Жаңа тарифтерге сәйкес жол жүру карталарының құны:

  • 1 күнге – 500 теңге;
  • 3 күнге – 1 500 теңге;
  • 5 күнге – 2 500 теңге;
  • 10 күнге – 4 000 теңге;
  • 15 күнге – 5 000 теңге;
  • 1 айға – 7 500 теңге;
  • 3 айға – 20 000 теңге.

Сапар пакеттері де қолжетімді

Жолаушылар үшін белгіленген сапар саны бар арнайы пакеттер де ұсынылады:

  • 5 сапар – 900 теңге;
  • 10 сапар – 1 800 теңге;
  • 20 сапар – 3 500 теңге;
  • 30 сапар – 5 000 теңге.

Абонементтер қалай жұмыс істейді?

Күндік жол жүру карталары алғашқы рет валидатордан өткізілген сәттен бастап іске қосылып, сол күннің соңына дейін жарамды болады. Ал сапар пакеттері сатып алынған сапарлар толық пайдаланылғанға дейін күшінде қалады.

Жол жүру картасын қайдан сатып алуға болады?

Жол жүру карталарын станциялардағы кассалардан сатып алып, оларды Tarlan Astana көлік картасына жүктеуге болады. Егер көлік картасы жоғалған жағдайда, ондағы белсенді абонементтер қалпына келтірілмейді және басқа картаға ауыстырылмайды.

Жүйені автобуспен біріктіру жұмыстары жалғасуда

Қазіргі уақытта жаңа тарифтік жүйе тек Tarlan Astana желісінде ғана қолданылады. Мамандар оны елордадағы автобус көлігі жүйесімен біріктіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырылып жатыр.

Back to top button